Қонаев тұрғыны лотереядан iPhone 17 Pro ұтып алды: Енді пәтер ұтысы өтеді

Қонаев тұрғыны Максим төрт жылдан бері қатысып жүрген "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан алғаш рет қомақты жүлдеге ие болды. Ол 4/20 лотереясында iPhone 17 ұтып алып, көптен күткен қуанышты жаңалықты ең алдымен анасына жеткізген.
Кейде күтпеген қоңырау адамның бүкіл күнін өзгертіп жіберуі мүмкін. Максимге де осындай қуанышты хабар телефон арқылы жеткен. "Сәтті Жұлдыз" өкілдері оған хабарласып, лотереяда жеңімпаз атанғанын және жаңа смартфон ұтып алғанын айтқан.
Алайда Максим алғашқы сәтте бұл жаңалыққа бірден сене қоймаған. Жеңісі ресми түрде расталғаннан кейін ғана оның күдігі сейіліп, қуанышы еселенген. Жеңімпаз сүйінші хабарды жақындарымен бөлісіп, ең алдымен анасына айтқан.
"Маған лотереядан хабарласып, құттықтады. iPhone 17 Pro ұтып алғанымды айтты. Басында аса сене қоймадым. Кейін бұл жаңалықты жақындарыммен бөлістім. Ең алдымен анама айттым. Ол да құттықтап, қуанды", – деді Максим.
Төрт жыл бойы бағын сынап келген
Максим "Сәтті Жұлдыз" лотереясына шамамен төрт жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ол түрлі ұтыстарда бақ сынап, талай рет қатысқан. Дегенмен қымбат жүлдеге алғаш рет ие болып отыр.
Жеңімпаздың айтуынша, ол LOTO 6/49, 5/36 және 4/20 лотереяларына жиі қатысады. Бұл жолы оның таңдауы сәтті болып, 4/20-да басты жүлделердің бірін жеңіп алған.
"Сәтті Жұлдыздың” барлық лотереясына қатысамын. Басқа қатысушыларға сәттілік тілеймін! Сеніңіздер, достар, армандар орындалады", – деді жеңімпаз.
Максимнің оқиғасы лотереяға ұзақ уақыт қатысып, өз бағын сынап жүрген адамдардың қатарында екенін көрсетеді. Оның айтуынша, бұған дейін түрлі жүлделерге қызыққанымен, дәл осындай қомақты сыйлыққа ие боламын деп күтпеген.
Қазақстанның әр өңірінен жеңімпаздар анықталып жатыр
"Сәтті Жұлдыз" өкілдерінің айтуынша, лотереяда Қазақстанның әр өңірінен жеңімпаздар анықталып жатыр. Олардың қатарында түрлі сомадағы ақшалай жүлделермен қатар, бағалы сыйлықтарға ие болған қатысушылар да бар.
Мәселен, қарағандылық Алмас лотереяға 1,5 жыл бұрын қатысып бастаған. Бұған дейін LOTO 6/49, TeleВingo және лездік лотерея билеттерін алған екен. Бірақ бірде-бір ұтысқа қол жеткізбеген. Бірақ жақында Алмас TeleBingoдан пәтер ұтып алды. Жеңімпаз ұтысын ақшалай алуды жөн көрген.
Максимнің жеңісі де осындай оқиғалардың бірі. Қонаев тұрғыны үшін бұл тек жаңа смартфонға ие болу емес, бірнеше жыл бойы қатысып келе жатқандықтан алғаш рет үлкен жүлде жеңіп алуымен ерекшеленді. Ал қатысушыларды алда бұдан да ірі сыйлық күтіп тұр.
Қатысушылар арасында пәтер иесі анықталады
Алдағы уақытта қазақстандықтар TeleBingo лотереясында құны 20 миллион теңгелік тағы бір пәтердің ұтысына қатыса алады. Пәтер 31 арнаның тікелей эфирінде 30 тамызда сағат 10:00-де ойнатылады.
Қатысу шарттары да қиын емес, бұл үшін 3 500 теңгеге TeleBingo ЛотоЖинағын алу керек. ЛотоЖинаққа 5 билет кіреді және пәтер мен Супержүлде – 100 миллион теңгені ұтып алуға бірден 5 мүмкіндік аласыз.
Лотерея билеттерін sz.kz сайтынан сатып алуға болады.
Максимнің оқиғасы күтпеген сәтте үлкен қуанышқа кенелуге болатынын көрсетеді. Төрт жыл бойы қатысып келген Қонаев тұрғыны бұл жолы өз бағын сынап көріп, нәтижесінде көптен есте қалатын жүлдеге ие болды.
Жарнама құқығында