Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Норвегия патшасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Норвегия Королі VIII Хоконға әкесі Король V Харальдтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев жеделхатта V Харальдтің Норвегияның дамуына қосқан үлесін және ел бірлігін нығайтудағы рөлін атап өтті.

“Король V Харальд Норвегияның бірлігі мен рухын, жарқын жетістіктерін паш еткен көрнекті мемлекет қайраткері болды. Ұлы Мәртебелі ұзақ жылдар бойы абыройлы билік құрып, дана әрі адал басшы ретінде еліне қалтқысыз қызмет етті. Халқына ұдайы қамқор болып, қалың бұқараның құрметі мен ықыласына бөленді”, – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Норвегия патшасы V Харальд 28 тамыз күні 89 жасында қайтыс болды. Ол 1991 жылдан бері Норвегия тағында отырды. Оның қайтыс болуынан кейін елдің жаңа королі болып ұлы Хокон VIII тағайындалды.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Түркия президенті Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Жұма, 28 Тамыз, 2026 22:13