Әлия Телебарисова: 27 жасымда жесір қаламын деп ешқашан ойламаппын
Әлия Телебарисова басынан өткерген қиындықтарын еске алды. Актриса осы күнге дейін жүріп өткен жолы мен қазіргі жұмысы, жастай жесір қалуы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өмір" деген қызық нәрсе. 27 жасымда жесір қаламын деп ешқашан ойламаппын. Әлі күнге дейін ол мен үшін біртүрлі. Ақылға сыйымсыз.
Онымен қоса, қызымның бірінші сыныпқа баратыны мен үшін таңғалдырарлық жағдай", – деп ағынан жарылды Телебарисова.

Актриса өсіп келе жатқан екі қызы үшін "үлгі тұтарлық тұлға" болғысы келетінін атап өтті.
Одан бөлек, өнерге алғаш қадам басқан кезі мен қазіргі жұмысы жайлы аз-кем баяндады.
"11 жасымнан сахнада өнер көрсете бастадым. Алғашқыда әнші ретінде бастадым. Кейін 15 жасымда мамандығымды актрисаға ауыстырдым. Теледидар экранынан итальян, қытай, ағылшын және т.б. тілдерде сөйледім", – дейді Телебарисова.
Әлия қазіргі уақытта қызмет саласын ауыстырған. Бір кездері кино жұлдызы болған актриса бүгінде кеңсе қызметкері, іс жүргізуші болып жұмыс істеуде.
"Кинодан Б, Д, магний дәрумендерін алсам, кеңсе жұмысынан С,А және басқа минералдармен толығудамын. Тәжірибе жинап, үйреніп жатырмын. Бойымдағы жаңа мүмкіндіктерді ашудамын. Енді мен іс жүргізушімін. Жұмысқа шыққаныма жарты жыл болды", – дейді Телебарисова.

Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)