Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қиянаттың төресін көрдің": Мөлдір Әуелбекова өткен күндеріне шолу жасады

Жаңа жасқа қадам басқан Мөлдір Әуелбекова өткен күндеріне шолу жасап, өзін-өзі туған күнімен құттықтады. Ол бойындағы өзі бағалайтын   қасиеттерді атап, өзіне деген тілегін Instagram арқылы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ал, Мөлдір, бүгін жаңа жасқа келдің. Алланың қалауымен жарқын, әрі қызықты өмір сүріп жатырсың. Иә, білемін, көп қиындықтан да өткенің бар. Қиянаттың төресін көрдің, дұшпаның жаныңнан табылды, сатқындар көз алдыңда саудаласып, аяқтан шалғандар аз емес. Бірақ сен әр құлағаныңда тұра білдің! Қаншама көз жасың көл- көсір болып, жүрегің езіліп, өксігің тамағыңда тұрса да, біразына төтеп беріп, берілмей, сағың сынбай келесің. Мен сенің қайсарлығыңды қолдаймын!

Сен – мына азғын заманда нәпсімен күресіп, ақыретін таңдаған пендесің. Аллаға тәуекел ететін қасиетің бар. Осы тәуекелің таусылмасыншы! Үмітің үзілмесін! Шырағың сөнбесін! Аллаға амант! Сені Алла жар болып, жарқын болашақ күтіп тұрғаны анық! Ешқашан мойыма! Берілме! Осы қайсарлығыңнан арылма! Сенің биігің әлі алда!

Аллаға шүкір, сен өте бақыттысың! Ата-анаңның ризашылығына бөленіп жүрсің, екі қанатың – ұл-қызың мен бауырларың жаныңда, шынайы жанашырларың ортаңда, қолдаушы миллиондаған Қазақ атты халқың бар! Шүкір! 



Бағасын, қадірін, қасиетін біл бағыңның! Туған күніңмен, Мәке!" – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар 36 жасқа толған өнер иесі өзіне сыйлық ретінде темір тұлпар қарап жүргенін атап өтті. Әнші бұған дейін мініп жүрген көлігімен жол апатына түскен еді. Айтуынша, бұрынғы күйеуі апаттан кейін өзі сыйлаған автокөлікті тартып алып, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен.

Талқылау