Серікбол Сайлаубек көзінің көрмейтініне әкесін кінәлады
Сахнада көзілдірік тастамайтын әншілердің бірі - Серікбол Сайлаубек. Алайда өзге әріптестері сән үшін осындай образды таңдаса, Серікбол мұқтаждықтан көзілдірік киюге мәжбүр. Себебі туғалы бір көзі көрмейді. Әнші бұған әкесін кінәлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Анам өмірге төрт қыз алып келген. Әкеме ұл керек болып, Алладан "бір көзі соқыр болса да ұл берші" деп сұраған екен. Сол тілегі қабыл болды ма, туғаннан бір көзім көрмейді. Сондықтан адам дұрыс сөйлеуі керек. Өйткені әр сөзің қабыл болып қалады. Жақсы сөздерді көп айтайық, бір-бірімізді көтермелеп, қолпаштап жүрейік. Бұл жалғанда арамдық, өсек көп. Бұл жалған өте қысқа. Мұнда әуре болудың қажеті жоқ. Әр нәрсені өз уақыты келгенде көре жатармыз", — деді Серікбол Сайлаубек.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген