Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досаев не үшін сұхбат беруден қашатынын айтты

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев не себепті журналистерге сұхбат бермейтінін түсіндірді. Сондай-ақ халықпен қаншалықты кездесулер өткізіп тұратыны жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Елордадағы ОКҚ алаңында  есеп беру брифингіне қатысқан Алматы әкімінен БАҚ өкілі халықпен кездесулерді не себепті аз өтетіні туралы сұрады. 

“Мен кездесулерді өткізуді тоқтатпадым. Мен өзімді шектей алмаймын. Менің тоқсан сайын халықпен кездесіп тұруым міндетті.  Қазір формат өзгерді. Биылғы жылдың төртінші тоқсанында мен аудандарды аралуға шықтым. Мен барлық сегіз ауданды аралап шықтым. Мәселелері көп аймақтарда да болдым. Енді осылай гибридтік схема арқылы жүзеге асатын болады. Алдағы жылдың бірінші тоқсанында әдеттегідей форматта өтеді. Қала тұрғындарымен тікелей кездесіп сұрақтарына жауап беремін. Сондай-ақ  өзім аралап жүріп халықпен кездесемін. Менің ойымша, осы әдіс халыққа да өте тиімді әрі ыңғайлы болар еді. Сол жерде туындаған мәселені бірден шешуге септігін тигізеді. Ал жалпы сегіз аудан бойынша мен 38-ге жуық кездесу өткіздім”, – деді Досаев. 

“Сіз неге сұхбат беруден қашасыз? Сізден сұхбат алуға рұқсат алу өте қиын және бетпе-бет әңгімелесу де қиынырақ?” – деп сұрады БАҚ өкілі. 

"Жақында болған соңғы оқиғаларды ескере отырып, менен сұхбат алуға қатысты айтар болсам, шынымды айтсам, әкім болғалы әлі ешкімге сұхбат бермедім", – деп жауап берді Алматы әкімі.

Әкімнің айтуынша, қазіргі жұмысы қала басшысы ретінде журналистермен де, тұрғындармен де тіл табыса алуы үнемі елдің назарында болады.

"Менің жоспарым бар. Келесі жылдың басында бізде "Алматы ТВ" өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Мен тек қорытынды жұмыстар бойынша ғана емес, алғашқы сұхбат беруге дайынмын. Содан кейін менен сұхбат алғысы келетіндердің тізімін қарауға дайынмын. Олар баспасөз қызметінде бар, олардың саны да өте көп, менің ойымша, менен бірінші болып сұхбат алғысы келетіндерді ренжітпеуге тырысамыз", –деді Досаев.

Талқылау