Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы әлемде тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін айтты
Әлем назары басқа мәселелерге бағытталғандықтан, қазір ешбір ел жаңа пандемияға дайын емес. Мұны дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Дубайда өткен дүниежүзілік үкімет саммитінде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tass сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, әлем COVID-19-дан сабақ алмаған. Оның соңы орны толмас зардаптарға әкелуі мүмкін.
"Тұмау вирусы немесе жаңа коронавирус немесе біз әлі білмейтін жаңа патоген, яғни ол X ауруы болуы мүмкін. Әңгіме оның қандай вирус екенінде емес, біз ешқайсысына дайын емеспіз”, – деді ол.
X ауруы терминін алғаш рет ДДҰ 2018 жылы ойлап тапты. Бұл дегеніміз – мамандарға белгісіз ауру.
Осыған байланысты Гебрейесус елдерді пандемияға дайындық туралы халықаралық келісімді әзірлеу кезінде туындаған келіспеушіліктерді еңсеруге шақырды. Ол 2024 жылдың мамыр айында дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының мақұлдауына ұсынылуы керек.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"