"Әлем ханымы - 2020" атанған Жұлдыз Әбдікәрімова халыққа алғысын айтты
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы-2020» байқауында жеңіске жеткені үшін халыққа алғысын айтты.

Бұл туралы Инстаграмдағы байқау парағында хабарланды.
Бұған дейін Әбдікәрімованың өзі халықаралық байқауға қатысатынын мәлімдеген. Күні кеше Жұлдыз ханым байқаудың жеңімпазы атанды.
"Бұл тек сыртқы ғана емес, ішкі сұлулықтың, ақыл-ойдың үйлесімін көрсетуге, нәзік рухани әлемді ашуға мүмкіндік беретін жарыс. Іс-шараның басты мақсаты - бүкіл әлемдегі әйелдерге қолдау көрсету. Пандемияға байланысты биыл байқау онлайн режимінде өтеді", - деп жазды Жұлдыз желтоқсанның басында.
Дауыс беру желтоқсанның 1 мен 24 аралығында өтті.
Miss Universe - бұл жыл сайынғы және беделді халықаралық сұлулық байқауы. Оған әлемнің барлық елдерінен 18 мен 55 жас аралығындағы әйелдер қатысады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған