Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

 «Әлем аруы-2017» байқауына Қазақстанның атынан Гүлбану Әзімханова қатысады

«Қазақстан аруы-2016» атанған қызылордалық Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы-2017» байқауына қатысу үшін Қытайға жол тартты.

Бұл туралы «Қазақстан аруы» байқауының Инстаграмдағы ресми аккаунтында мәлім етілді.

«Біздің сұлуымыз, «Қазақстан аруы-2016» Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы» байқауына қатысу үшін бүгін Қытайға ұшып барды. Финал 18 қараша күні Санья қаласында өтеді. Қызу дайындық жұмыстары жүруде», – делінген жазбада.

Гүлбанудың өзі де Қытайдың Гуанчжоу қаласына ұшып келгенін хабарлады. «Бүгін менің #missworld байқауындағы алғашқы күнім. Таңғы ас ішуге бара жатырмын. Айтпақшы, мұндағы ауа райы жып-жылы, бұл маған сөзсіз ұнайды», – деп жазды Әзімханова.

Биылғы «Әлем аруы» байқауы осымен 67-рет өткізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы байқау әлеуметтік желілер мен интерактивтілікке басымдық беретін жаңа форматта өтпек. Ол Head-to-Head Challenge деп аталады және оған 40 үздік қатысушының 20-сы іріктеп алынады.

18 жастағы Гүлбану Әзімханова өткен жылдың желтоқсан айында «Қазақстан аруы-2016» атанған еді. Тікелей эфирде көрермендер дауысының нәтижесінде жеңіске жеткен Гүлбану Қазақстанның ең сұлу аруы атанып, бес миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Сондай-ақ «Әлем аруы-2017» халықаралық байқауында Қазақстанды таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Кейінірек «Қазақстан аруы-2016» жеңімпазының ресми фотосессиясы жарияланды.

Тағы да оқыңыз:

Макронның иті Елисей сарайының ішінде жиналыс кезінде дәрет сындырды (видео)

Арбаға таңылған “Әлем аруы” өмірге деген ерекше құштарлығымен жұртты тамсандырды

Германиядан адамзат тарихын өзгертуі мүмкін артефакт табылды

Таңғажайып оқиға: Келіншек тоғыз ай ішінде екі рет жүкті болған

Талқылау