Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Макронның иті Елисей сарайының ішінде жиналыс кезінде дәрет сындырды (видео)

Франция президенті Эммануэль Макронның иті әйгілі Елисей сарайының ішінде дәрет сындырып, жиналысқа кедергі келтірді.

Макрон отбасы итті тамыздың аяғында асырап алған. Немо есімді ит тура маңызды сәт кезінде тәртіпсіздік танытқан.

Президенттің бірнеше үкімет мүшелерімен кездесуін мемлекеттік телеарна түсірген. Алайда репортаждың бас қаһарманы Немо болып шыға келді. Ол қатысушылардың артқы планында дәрет сындырып көзге түскен.

Иттің бұл қылығы жиналысқа қатысушылардың күлкісін келтіреді. Немо Елисей сарайын мекен еткен алғашқы ит емес. Бұған дейінгі президент Франсуа Олландтың да иті осы сарайда тұрған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Арбаға таңылған “Әлем аруы” өмірге деген ерекше құштарлығымен жұртты тамсандырды

Германиядан адамзат тарихын өзгертуі мүмкін артефакт табылды

Таңғажайып оқиға: Келіншек тоғыз ай ішінде екі рет жүкті болған

50 жастағы ананың ұлдарымен түскен суреті жұртты шулатты (фото)

Талқылау