"Алдыма қалтырап келді": Алматылық адвокат 12 жасар қыздың зорланғанын айтты
Алматыда 12 жасар қызды зорлап кетті. Шырылдаған ана қызын ертіп адвокаттан көмек сұрап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы белгілі адвокат Камиша Есмұхамбетқызы өзінің Facebook-парақшасында бөлісті. Айтуынша, қызының зорланғанын айтқан әйел оның жұмыс орнына келген.
«Сот-медициналық сараптамадан өтті. Қыздың жағдайын айтып жеткізе алмаймын. 12 жасар қыздың зорлық көруі оңай емес. Оқиғаның мән-жайын толықтай тергеу тобымен шығып, тергеу амалдарын жасағаннан кейін баяндаймын», – деді адвокат видеода.
Адвокат жәбірленушінің жағдайына бей-жай қарамаған Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі Салтанат Әзірбек және «Адамға қарсы қылмыстық істер жөніндегі» бөлімінің тергеушісі Ержан Ақмолдаға арнайы рахметін айта өтті.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"