Қазақстанның оңтүстігінде алдағы күндері 46°С-қа дейін ыстық болады
Қазгидромет синоптиктері 6-8 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы болады. Өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.
6 маусым - батыста, 7-8 маусым - солтүстік-батыста, 8 маусым - солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ жауады.
Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
6-7 маусым күндізгі уақытта солтүстікте, 6 маусым орталық пен шығыста +41°С дейін, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41°С дейін, еліміздің оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық сақталады.
8 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстікте ыстық 22 + 30°С дейін төмендейді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі