Алаяқтар алдаудың жаңа жолын тапты: Министрлік ескерту жасады
Әділет министрлігі қазақстандықтарға тағы бір кең тарап жатқан жаңа алаяқтық схема туралы ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кейінгі кезде алаяқтар өздерін әділет органдарының немесе сот орындаушысы өкілі ретінде таныстырып, қазақстандықтардың жеке дерегін сұрай бастаған.
Өзін “Әділет қызметкеріміз” немесе “Сот орындаушысымыз” дейтін алаяқтар азаматтарға хабарласып, атқарушылық құжаттардың талаптарын орындауды, банк шоттарын бұғаттап, жүргізуші куәлігін тоқтата тұрумен және т.б. түрлі жолдармен қорқыта отырып, берешекті өтеуді талап етеді екен.
Министрлік мұндай қоңыраулар түскен жағдайда азаматтар атқарушылық іс жүргізудің бар немесе жоқ екені туралы ақпаратты мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (МАЖ ААЖ) немесе aisoip.adilet.gov.kz сайтына кіріп өз бетінше тексере алатынын еске салды.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"