Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Boeing ұшақтарында бұрандалардың дұрыс бекітілмегені анықталды

Америкалық Boeing әуе компаниясына тиесілі ұшақтардың көбінде болттардың босап кеткені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC News арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Reuters

Әуеде ұшағының есігі ашылып Alaska Airlines компаниясының бас директоры Бен Миникуччи бұл жағдайдан кейін алғаш рет пікір білдірді. Оның сөзінше, әуе компаниясының мамандары жүргізген тексерулер "Boeing" жабдықтарының кейбір бөліктері бұрандалардың босауына байланысты бекітілмегенін көрсеткен. 

"Менің көңілім қалды әрі ашуланып отырмын. Бұл Alaska Airlines компаниясына, клиенттер мен қызметкерлерге қатысты жағдай. Менің Boeing-ке қояр сұрағым: олар өздерінің бағдарламаларын жақсартып, сапалы ету үшін не істей алады?" – деді Миникуччи.



АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) Boeing 737-900ER ұшақтарының операторларына есік тығыздағыштарын визуалды түрде тексеруді ұсынды.

Еске салайық, 5 қаңтарда Орегоннан Калифорнияға ұшып шыққан Alaska Airlines авиакомпаниясының Boeing 737 MAX ұшағының апаттық шығу есігі әуеде жұлынып кеткен еді. 

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан жолаушылар орындығының жанындағы саңылауды көруге болады. Фюзеляждың есігі ұшып шыққан соң шамамен 20 минуттан кейін жұлынып кеткен. Кейін Boeing 737 MAX 9 ұшақтарына ұшуға тыйым салынды. 

Оқиғадан кейін еліміздің Азаматтық авиация комитеті, Boeing MAX ұшақтары Федералды авиация ұйымының тыйымына кірмейтінін мәлімдеді. Сондықтан бұл ұшақтардың әуеге көтерілуіне еш кедергі жоқ. 

Талқылау