Алаяқтар алматылық зейнеткерлерді үйін сатуға көндіріп, 1,5 миллиард теңгені қолды еткен
Алматы прокуратурасы қарт азаматтарға қатысты интернет-алаяқтық жасаған күдікті адамдар тобының қызметін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы институттарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүлікті сатуға және ақшаны бақыланатын шоттарға аударуға көндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден асты.

Тергеп-тексеру барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сараланып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.