Ақтөбелік мұнайшылар аштық жариялауға жиналды
Ақтөбе облысында ереуілге шыққан мұнайшылар енді аштық жариялайтынын мәлімдеді. "КМК Мұнай" АҚ қызметкерлері екі тәуліктен бері жұмыс берушімен келісе алмай жатыр. Ол жалақыны 20% көтеруге уәде берді. Бірақ вахташыларға мұны аз деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп хабарлайды.
"Орташа жалақы 140 мың теңгені құрайды, барлық үстемақыны қосқанда. Бүгін 26-сы - біз әлі тұрмыз. Біз әлі қанағаттанарлық жауап алған жоқпыз. Біз 100% көтеру туралы бұйрық шыққанға дейін тұрамыз", - деді мұнайшылар.
Өңір басшысы екі күннен бірі 200-ге жуық мұнайшы ереуілге шыққан Кеңқияқ ауылына әлі келмеген. Осы уақыт аралығында адамдар жұмысқа бармаған және интернетте видео хабарламалар таратып жатыр.
Вахташылардың басты талабы - жалақыны 100%-ға арттыру. Одан азға келіспейді. Айтуларынша, ең жоғары жалақы қазір 150 мың теңге екен. Мұнайшы үшін бұл өте төмен жалақы деп саналады.
Ал жұмыс берушілер ереуілшілердің шарттарын қабылдауға асығар емес. Наразылық білдірушілерге де шенеуніктердің әрекеті ұнамайды.
Әкімдіктегілер Темір ауданындағы жағдайға түсініктеме берді. Олар кен орнында жұмыс тоқтатылмағанын және инженерлік-техникалық құрамның күшімен жүргізіліп жатқанын айтады.
"Келіссөздер жүргізілуде, оның ішінде аталған компанияның құрылтайшысымен және директорлар кеңесімен келіссөздер жүріп жатыр", - деді Ақтөбе облысының еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторы Аслан Бахатов.