AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде зорланған 7 жасар баланың оқиғасы: Мектепке тексеру жүргізілетін болды

Балалардың құқығын қорғау комитеті Ақтөбеде зорланған жеті жасар баланың оқиғасына қатысты мектепте тексеру жүргізбек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бала

"Ақтөбе облысы әкімдігінің білім бөлімі комитетке 7 жасар баланың ата-анасының шағымы туралы хабар бермеді. Осыған байланысты комитет шенеуніктерді жауапқа тарту туралы өтініш жіберді, ал Ақтөбе облысының білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті мектеп қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерісті бастады”, – деді комитет өкілдері.

Веломство мәліметінше, егер оқиға расталса, жауаптыларға қатысты шара қолданылады.

"Кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған қылмыстық немесе әкімшілік белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) фактілері туралы білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына хабарламауы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Егер ақпарат расталса, мектеп аумағында зорлық көрсеткен және оған тиісті мән бермегендерге шара қолданылады", – деп толықтырды олар.

Ақтөбе облысы әкімдігінің білім бөліміне балаға және оның отбасына психологиялық көмек көрсету тапсырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде жоғарғы сыныптың оқушылары жеті жасар ұл баланы мектеп дәретханасында зорлағаны белгілі болған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр