Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жоғарғы сыныптың оқушылары жеті жасар ұл баланы мектеп дәретханасында зорлаған

Ақтөбеде тоғызыншы сыныптың оқушылары бірінші сынып оқушысын мектептегі дәретханада ұрып соғып, артынша зорлаған деп айыпталуда. Жәбірленушінің әжесінің сөзінше, мектеп әкімшілігі оқиғаға көз жұма қараған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Баланың жақындары оның соңғы кездері қылықтары өзгергенін байқаған. Кейіннен сұмдық жағдай туралы естігеннен кейін бірден полицияға хабар беріпті. 

"Біз оны біреулерді ұрып тастады екен деп ойладық. Бір күні ол мектептен келген соң шомылдырып алмақшы болдық. Сол кезде бүкіл денесі ауырып тұрғанын айтты. Денесін ұстатқызбады. Бұдан кейін "Не болды?" деп қайта сұрап едік, барлығын жайып салды. Төрт жасөспірімнің баламызды қорлағанын білдік. Немерем олардың бірі күзетте тұрғанын, қалған үшеуі соққының астына алып, онымен қоймай, зорлағанын жеткізді. Мұндай сұмдықтың мектепте болатыны өте қорқынышты", - дейді жәбірленушінің әжесі. 

Айтуынша, ұстаздар баладан "сабаққа не үшін кешігіп келдің" деп сұрағанда, ол өзін жоғарғы сынып оқушылары дәретханада ұрғанын айтқан. Жеткіншектің ата-анасы полицейлерден мектептегі камераларға түсірілген видеоны қарауды сұраған, алайда оқу орнында бақылау орнатылмағаны анықталған. 



"Немеремнен "не үшін бұл туралы айтпадың" деп сұрадым. Сөйтсем, оны қорқытып тастапты. "Егер бұл құпияны біреуге айтсаң, мойныңды үземіз.  Егер бізді түрмеге қамаса, сен де бізбен бірге отырасың" деп айтқан. Ол әлі бала ғой, не болғанын түсінбеген", -  дейді қария. 

Ақтөбе облыстық ПД басшысының орынбасары Рафаэль Жанұзақов аталған оқиға бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді. 

"Бұл факт бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, барлық қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасуда, қылмыстық іс Ақтөбе облысының полиция департаментінің бақылауында", - деді ол.

Оқушының анасы және әжесі балалар омбудсмені Аружан Саиннан көмек сұрады. Олар тергеушілер істі созып жіберуі мүмкін деп алаңдайды. 

Талқылау