Ақтөбеде шекараны заңсыз кесіп өтпек болған Үндістан азаматтары ұсталды
Ақтөбе облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған Үндістанның 16 азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл фактіні 7 шілдеде Ақтөбе облысы бойынша ІІД және ҚМДБ ПС қызметкерлері анықтаған.
Облыс аумағына Қазақстанның оңтүстік облыстарынан келген Үндістанның 16 азаматы өтпек болған. Олар Ресей азаматы басқарған шағын автобуста Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту үшін транзитпен келе жатқан.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР-ның заңнамасын бұзу фактілерінің дер кезінде алдын алуға мүмкіндік туды. Профилактикалық әңгімеден кейін шетелдіктер одан әрі Отанына қайтарылу үшін Алматы қаласына бақылауға жіберілді", - делінген хабарламада.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"