Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мүгедек қызды зорлаған туысына қатысты үкім шықты

Ақтөбеде ДЦП диагнозы бар мүгедек туысын бірнеше рет зорлаған ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен ЖШС-нің бірінің сәулетшісіне қатысты үкім шығарылды

Сот 2017 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың тамызына дейін сотталушы өзінің туыстарының үйінде болғанын анықтады. Олар болмаған кезде ол дәрменсіз жәбірленушіні бірнеше рет зорлаған. Қызға кішкентай кезінен ДЦП диагнозы қойылған, ақыл-есі кем және мылқау.

"Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін жағдай - сотталушыда жас баланың болуы. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ", - деп хабарлады Ақтөбе қалалық № 2 сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған орташа қауіпсіз мекемеде алты жыл және сегіз ай бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сондай-ақ, ол жәбірленушіге моральдық зиянның өтемақысы ретінде екі миллион теңге төлеуі тиіс.

"Жазаны күшейтетін заңның кері күші жоқ. Сондықтан сотталған адамға 2019 жылғы 27 желтоқсандағы заңға өзгерістер енгізілгенге дейін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең көп жазаны қарастыратын қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігінің санкциясы шегінде жаза тағайындалды. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән - жайлар болмаған және жеңілдететін мән-жайлар болған жағдайда жаза алты жылдан және сегіз айдан аспауы тиіс", - деп түсіндірді сотта үкімді.

Дегенмен, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Ақтөбеде туыс ағасы мүгедек қызды екі жыл бойы зорланы туралы хабарланды. Жәбірленушінің анасы әділдік іздеп, шарқ ұрды. Отбасы мүшелерінің айтуынша, азғын ағайындары намаз оқып, адам емдеген.

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Маусым, 2020 12:17
Талқылау