Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде туыс ағасы мүгедек қызды екі жыл бойы зорлап келген

Ақтөбеде туысы 2-топ мүгедек қызды зорлап келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

қыз зорлау

Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қорының Facebook парақшасында жариялады. 

"Бізге жәбір көрген жеткіншек қыздың жақындары көмек сұрап келді. Олардың үйінде жаға ұстатарлық жағдай болған. 1966 жылғы отбасының туысы мүгедек қызға массаж жасаған кезде оны қарауға көмектесіп жүрген. Ешкімде бұл сұмдықтың боларын сезбеген. Қыз бала ДЦП-ға шалдыққан, бұған қоса ол саңырау әрі мылқау көрінеді. Ол "дименция" диагнозымен дәрігерлердің тіркеуінде тұр. Сонымен қатар оның психологиялық және интеллектуалдық ерекшеліктері бар", - деп жазыпты Дина Таңсәрі. 

Айтуынша, бір күні анасы қызының әлгі туысы келсе, біртүрлі қылықтар танытып, оны жақтырмайтынын сезіпті. Алғашында қыз бала ешнәрсе айтпаған, дегенмен содан соң бәрін түсіндіріп беріпті. 

"Ата-анасы үшін бұл жағдай қандай ауыртпашылық әкелгенін тіпті елестету қиын. Тергеу және сарапатама барысында жақындары сурдоаудармашының көмегімен жағдайдың бүге-шүгесіне дейін сұрастырып білген. Жәбірленушінің түсіндіруінше, оның туыс ағасы қызды бірнеше рет зорлық әрекетіне тартқан. Өзін-өзі қорғай алмаған қыз ер азаматтың ұятсыз әрекеттерін орындағын бөлмелер мен жерлердің барлығын көрсеткен. Ол жан-тәнімен әлгі азамтты қалай жек көретіндігін көрсетіпті. Ал күдіктінің болса кішкентай қызды ағасын жыныстық қатынасқа өзі тартқан деп кінәлап, бұл жағдайдың тек бір рет болғанын айтыпты. Сарапшылар зорлықтың болғанын растады.Өз жұмыстарын тергеушілер, психологтар мен прокурорлар тиянақты атқарды. Күдіктінің үстіне қылмыстық іс қозғалды", - дейді белсенді. 


 

Талқылау