Ақтөбеде кәсіпкер әйел спорт мектебіне асыл тұқымды жылқының орнына қарапайым аттарды сатқан
Ақтөбеде асыл тұқымды жылқылардың орнына қарапайым аттарды сатып алған спорт мектебіне қатысты дау туындады. Мемлекеттік тексерушілер тендерді жеңіп алған кәсіпкер әйелді сотқа берді. Одан қаржыны қайтаруды немесе аттарды талапта көрсетілген жануарға ауыстырып беру талап етіліп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір жыл бұрын ұлтық спорт түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жастар мектебі 13 сәйгүлік сатып алыпты. Сол кезде-ақ тексеру барысында жылқылардың таза қанды емес екені анықталған. Іс сотқа дейін жеткен, ал мектеп директоры даудан кейін өз еркімен қызметінен кеткен.
"Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 32 миллион 299 мың теңгені бюджетке қайтару туралы шағым түсірді. Қазір сот бұл істі қарап жатыр. Бұдан бөлек міндетін орындамағаны үшін, яғни шығынды қайтару туралы қаулы бойынша шешім қабылдамағандықтан спорт мектебінің лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік іс қозғалды", – деді Ақтөбе облыстық істі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Сәкен Қасымов.
Талқылау
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.