Ақтөбеде есірткі тұтынған автобус жүргізушісі ұсталды
Ақтөбеде автобус жүргізушісі есірткі тұтынып, қоғамдық көлікті тізгіндеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20 сәуірде жол полициясы Рысқұлов көшесі бойында жол қозғалысы ережесін бұзған 7-бағыттағы "Паз" жолаушылар тасымалдайтын автобусты тоқтатқан. Автобусты 52 жастағы ер адам тізгіндеген.
"Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің жағдайы күдік туғызды, осыған байланысты ол медициналық тексеруге жіберілді, онда жүргізуші есірткі қолданып, мас күйінде болғаны анықталды", - деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаментіндегілер.
Автобус арнайы тұраққа қойылды. Ал қоғамдық көлік жүргізушісі 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"