Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде баланы азғындау ісі бойынша ақталып шыққан азаматтарға мемлекет 70 миллион теңге төлейді

Баланы азғындады деп айыпталған Ақтөбе тұрғыны мен оның танысы ақталып шықты. Бұрынғы тұтқындар келтірілген шығын үшін мемлекеттен миллиондаған өтемақы сұрады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

сот пара

Бұған дейін ақтөбелік қызының телефонынан жалаңаш күйіндегі суретін тауып алады. Ол полицияға ажырасқан әйелінің үстінен арыз жазады. Кейін әйел мен танысын қыз баланы киімсіз күйінде суретке түсіріп сол арқылы азғындады деп айыптайды.

Сот бірінші тыңдалымда қыздың анасын 9 жылға, ал танысын 7 жылға соттаған. Алайда, облыстық сот алқасы істі қайта қарайды және сотталғандардың екеуінде де тергеу кезінде баланы суретке түсіре алмаған бұлтартпас алиби бар деген қорытындыға келеді.

Нәтижесінде сот өткен  жылдың тамыз айында екеуін де ақтады.



Биыл темір тордың ар жағында бір жылдан астам уақыт өткізген қыздың анасы мемлекеттен моральдық зиян үшін бес миллион теңге өндіріп алды.

Жақында облыстық соттың алқасы екінші ақталған азаматқа мемлекетке талап қою туралы қаулы шығарды. Моральдық залал үшін ол 30 миллион теңге талап етті, мүліктік залал үшін – одан да көп, бұл сомаға ол қамауда болған кезеңде алуы тиіс жалақы, сондай-ақ тергеуде және соттарда оны қорғаған адвокаттардың қызметтері мен шығындарын төлеу кіреді.

Облыстық сот алқасы мынадай қаулы шығарған: моральдық залал үшін қаржы министрлігі оған 7 миллион теңге, мүліктік залал үшін – 54 миллион 186 мың теңге және өкілдің қызметі үшін – тағы 5 миллион 430 мың теңге төлеуге тиіс.

Талқылау