Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде балалар мінген мектеп автобусы өртене жаздады

21 ақпанда Ақтөбеде оқушылар мінген мектеп автобусы тұтанды. №18 мектепке бет алған "ПАЗ" маркалы автобустың қозғалтқыш бөлігі жанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап. 

автобус

Бұған дейін ата-аналар мектеп автобусындағы ақауларға шағымданған екен. Олардың сөздерінше, 4 жыл ішінде автобус бірнеше бұзылып, жөнделген. 



"Қызымның сөзінше, автобус жүріп келе жатқанда іші қою түтінге толған. Жүргізуші есікті ашып, балаларға шығу керегін айтқан. Автобус лық толы болыпты. Қуанышқа орай, енді тұтанған жалынды өрт сөндіргіштің көмегімен ауыздықтады. Автобусты ауыстырып беруді сұрағанымызға осымен төртінші жыл болды. Себебі үнемі бұзылып, жиі жөнделеді. Есік бұғатталып қалмай балалар сыртқа шығып үлгерген", –  деп мәлімдеді ата-аналардың бірі. 

Қалалық білім бөлімінде автобус мәселесі бүгін шешіліп, басқа автобус берілетінін айтқан.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде жол апаты салдарынан үш баланың көлікпен бірге жанып кеткенін хабарлаған едік. Оқиға 19 ақпанда болған.

Талқылау