Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасы жұмыста болған: Ақтөбе облысында бес жасар егіздер қаза тапты

Ақтөбе облысында бес жасар егіздер қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайғылы оқиға 3 ақпан күні кешке Қызылжар ауылында болған. 

Өрт небәрі сегіз шаршы метрді қамтыған. Соған қарамастан балалар улы газдан уланып, көз жұмған. 

Өртті ерікті өрт сөндіру құрамалары сөндірген. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Олар автоцистерналармен бірге жедел келе алмайтын көрінеді. 

"Үйде 2017 жылғы егіздер болған, олар иіс тиіп уланды. Өрт кезінде балалардың ата-анасы жұмыста жүрген", - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ТЖ департаменті.

Өртке токтың қысқа тұйықталуы себеп болған. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында анасы мен оның төрт баласының көз жұмғаны айтылған еді. Жамбыл облысында бір үйдің бес баласы бірдей тілсіз жаудан қаза болды

Талқылау