Ақтөбе облысындағы жол апаты салдарынан үш бала тірідей жанып кеткен
19 ақпан күні Ақтөбе облысының оңтүстік айналма жолында Lada Largus автокөлігі жүк көлігімен соқтығысып, нәтижесінде жеңіл көліктегі үш бала оқиға орынында өртеніп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апат сағат 16:00 шамасында болған.
“"Lada Largus маркалы автокөлігінің жүргізушісі қозғалыс жолағындағы алдағы көлікті басып озу үшін, қарсы жолдың бос екеніне көз жеткізбестен бұрылған сәтте DAF (фура) автокөлігімен соқтығысқан. Соққы әсерінен жеңіл көлік оң жақ кюветке шығып жана бастаған”,-деп хабарлады жергілікті полиция департаменті.
Көлік ішіндегі 2007, 2009, 2021 жылы туылған үш бала өрт салдарынан қаза тапқан. Жүргізуші аман. Алайда әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен.
"Тамақтың түрін көріп шошып кеттім": Қазақстандық ата-аналар мектеп берілетін тамақ сапасына шағымданды
Ата-ананың бірінің баласы тегін түскі ас ішкен соң тамаққа ақша сұраған
Таразда дәрігерді пациентінің бұрынғы күйеуі ұрып өлтірді деп айыпталды
Марқұмның туыстары күдіктінің бәрі жауапқа тартылуын сұрап отыр