Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қабаған ит баланы талап тастаған

18 ақпан күні Ақтөбе облысының Құрайлы елді мекенінде тұрғын үй ауласында неміс овчаркасы бауынан босатылып, балаға шабуылдаған. Бүлдіршін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бала медициналық мекемеге жатқызылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, иттің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

408-бап "ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу" бойынша 3-10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза көзделді. Бұл шамамен 9 189 – 30 630 теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Баланың жағдайы туралы мәліметтер әлі хабарланбады.

Оқиғадан кейін полиция Құрашасай және Қызылжар ауылдарын аралап шықты. Нәтижесінде 50-ден астам ит иелері жауапкершілікке тартылды.

19 ақпаннан бастап мұндай жұмыс Құрайлы кентінде де жүргізілетін болады.

Талқылау