Ақтөбеде автобус тұрғын үйге соғылды
Ақтөбеде №7 бағдардағы автобус ұялы телефондар жөндейтін дүкенге соғылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазонға" сілтеме жасап.
Дүкен тұрғын үйдің төменгі қабатында орналасқан.
Бейнебақылау камераларына түсірілген жазбада, автобус жүргізушісі кенет жолынан бұрылып, Шернияз 33 мекен-жайы бойынша орналасқан үйге соғысқан.
"Автопарк" ЖШС қызметкерлерінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ, автобусты айыппұл тұрағына орналастырған.
"18 сәуірде Шернияз-Уәлиханов көшелерінің қиылысында бағдардағы автобус жол апатына ұшырады. №7 автобустың жүргізушісі Уәлиханов көшесі жақтан Шернияз көшесімен келе жатып, жол қоршауын соғып кетіп, соққыдан қозғалыс бағыты өзгеріп, дүкен ғимаратына соғылған. Автобуста жолаушылар болған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Тексеріс басталды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр