Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СҚО-да полицейлер ақыл-есін жоғалтқан кейуананың жақындарын іздестіруде

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен еріктілер ақыл-есін жоғалтқан әйелдің туыстарын іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі СҚО-ның полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полицияның хабарлауынша, 10 сәуір күні Ақжар ауданынан Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылындағы медициналық мекемесіне құжатсыз егде жастағы әйел жеткізілді. 

"Ол өзінің тегін әртүрлі атады, туған жылы мен тұрғылықты жерін айта алмады. Дәрігерлер ол туралы полицейлер мен еріктілерге хабарлады. Аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері қыздың тұлғасын анықтау үшін шаралар қабылдауда", - деп хабарланды полициядан. 



Lider.kz еріктілер қозғалысының мүшелері науқасты тануы мүмкін адамдардан әлеуметтік желіде көмек сұрады. Қозғалыс үйлестірушісі Кристина Ашпекованың сөзінше, бірқатар тұрғындар кері байланыс берген. Олар әйелге үй-жай ұсынғандар. Ол мәліметтерге сәйкес, әйел облыс аумағында жолай кездескен көліктер арқылы қозғалып отырған. Бейтаныс адамдардың үйінде қонуға сұранып, өзі туралы кереғар деректер қалдырған. 

"Қазіргі уақытта әйелдің тұлғасын анықтау бойынша шаралар қабылдануда", - дейді СҚО криминалды полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. 

Талқылау