Қарағандыда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Қарағандыда екі жасар қыз бесінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәби ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр.
"Оқиға Гоголь көшесінде болған. 2019 жылғы қыз абайсызда бес қабатты үй терезесінен құлап кеткен. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды", – деді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің аяқ-қолы бірнеше жерден сынған. Жағдайы ауыр.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан