Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 63 жастағы зейнеткер жыныстық қатынастан жұқпалы ауру жұқтырған

Ақтөбеде зейнет жасындағы әйел адамның азаматтық некедегі жолдасынан қауіпті дерт жұқтырғаны белгілі болды.

«63 жастағы әйел адам күйеуінен вич инфекциясын жұқтырған. Кейін тексеріс кезінде анықталғандай, ер адамның есірткі затын қолданатыны белгілі болды. Инфекция әйелге жыныстық қатынас кезінде жұққан. Бұл дерек 2017 жылы анықталды. Олардың ортақ ұлдары да инфекция жұқтырған, ол да есірткі пайдаланады», —  дейді облыстық СПИД орталығының қызметкері Анна Каспирова.

Ақтөбелік дәрігерлер қауіпті дерт жұқтырғандар санының жыл санап төмендеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды aktobenews.kz.

«2017  жылы Ақтөбеден 37 Қазақстан азаматынан АИТВ инфекциясы анықталды. Оның 21-і ер адам, 16-сы әйел адам. Сонымен қатар, облыста жүрген бес шетел азаматы жұқпалы инфекциямен тіркелді. Өткен жылы барлығы 42 адам есепке алынды.  Ауру жұқтырғандар  20 мен 63 жас аралығындағы азаматтар», — дейді Анна Каспирова.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде бір аптаның ішінде 5 адам тұмаудан көз жұмды

Қарағандыдағы қос бүлдіршіннің өліміне базардан сатып алынған шұжық себеп болуы мүмкін

Ақтөбе әкімдігінің ғимаратынан ер адамның мәйіті табылды

Талқылау