Актөбе облысында бұрын колледжде сабақ берген мұғалім қысқа белдемше киген әйелдерді өлтіруге шақырған

Актөбе облысында бұрын колледж оқытушысы болған 38 жастағы ер адам діни араздық қоздыру және терроризмді насихаттау баптары бойынша сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, ер адам бұрын физика мен математикадан үздік оқыған. Кейін Атырау политехникалық колледжінде сабақ берген.
Ал соңғы жылдары Мәртөк ауданындағы Қандыағаш ауданында тұрған. Ол діни тақырыптағы әңгімелерін ресми орындарда емес, құрылыс нысандарының бірінде айтып, сол жерде жергілікті тұрғындармен сөйлесіп жүрген. Арнайы діни білімі жоқ болса да, исламды өз түсінігі бойынша түсіндіруге тырысқан.
Бірақ оның айтқан ойлары біртіндеп радикалды сипатқа ауысып, өзге көзқарастағы адамдарға қарсы зорлықты ақтауға дейін барған. Ол "дінсіз" деп санағандарға күш қолдануды құптап, әйелдерге қатысты да қатаң әрекеттерді қолдайтын пікірлер білдірген.
Сонымен қатар ол қарулы діни топтар құруды ұсынған. Сол арқылы зорлық-зомбылық әрекеттерін жүзеге асыру және жетекшілерді дайындау идеясын таратқан. Оның түсінігінде христиандар, буддистер, шииттер мен сопылық бағыт өкілдері де "қарсы тарап" ретінде қарастырылған.
Алайда оның уағыздары тәрбиелік не ағартушылық сипатта болмаған. Керісінше, ол "дінсіздерге", соның ішінде қысқа белдемше киетін әйелдерге қарсы күш қолдануды, тіпті оларды өлтіруді дұрыс деп насихаттаған.
ОқыңызЕр адам осындай уағыздары үшін ол діни алауыздық қоздыру және терроризмді насихаттау бойынша айыпталды.
“Сот барысында ол радикалды идеялардың ықпалында болғанын мойындап, өз кінәсін толық мойындады және үкімге шағымданбайтынын айтты. Сондай-ақ төрт баласы бар екенін айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұраған.
Сот оны ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігі және 256-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырды”, – делінген хабарламада.
Ер адамның айтуынша, дінге қызығушылығы намаз оқитын студенттердің әсерінен пайда болған. Ал діни білімді негізінен интернеттен алған.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты