Ақтөбе облысында 10 жастағы бала еріген қар суына батып кетті
Ақтөбе облысында он жасар бала шұңқырға жиналған суға құлап тұншығып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынған
Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылында болды. Мектеп оқушылары сабақтан қайтып келе жатқанда сай маңында ойнаған. Төрт баланың бірінің аяғы батпаққа тайып кетіп, суға толы сайға құлайды. Қасындағылар ересектерді шақырып келгенше, ол тұншығып қалған. Суға кеткен төртінші сынып оқушысы бір үйдің тұңғышы екен.
“Медпункт бар, фельдшерге хабарласқан. Көмекке атасы, үйдегі адамдар келіп, баланы әрең тауып алады , бірақ кеш болды. Қайтыс болды”, – дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Түлкібаева.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында 4 жасар бала шалшық суға тұншығып көз жұмғаны туралы жазған едік.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген