Ақтаулық блогер су тасқынынан соң Каспий теңізінің толыға бастағанын айтты
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Каспий теңізінің тола бастағанын жеткізді. Айтуынша бұған биылғы қатты су тасқыны мен еріген сулардың құйылуы әсер еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хбарлайды.
Фото желі кадрларынан
Блогер теңіздің суы алдағы уақытта да толытырылуы керек екенін алға тартты.
"Солтүстік Каспий...Осыдан бір жыл бұрын Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі су жағадан ондаған шақырымға тартылып кеткен еді. Енді бір жылдың ішінде су тасқыны салдарынан теңіз деңгейі қайта орала бастады. Бұл үрдіс тек су тасқыны салдарынан ғана емес, сонымен қатар 2024 жыл теңізді толықтырудың бастамасы болатынына сенемін. Жаның қуанышқа кенеледі",-деп жазады Азамат Сәрсенбаев.
Бұған дейін су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий теңізіне шамамен миллиард текше метр су жіберілгенін хабарлаған болатын. Бұл үшін билік Атырау облысында Бақсай, Нарын, Қара өзен және Соколок арналарын пайдаланған.
Министрлік сонымен қатар Ресейден 30 миллион текше метр су елдің батысындағы кеуіп жатқан көлдерге бағытталғанын да атап өтті.