Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспийді тасқын сумен толтырып жатыр: Теңізге 1 млрд текше метрге жуық су жіберілді 

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі топансудан зардап шеккен аймақтарынан 1 млрд текше метр тасқын суы Каспий теңізіне жіберілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kk.wikipedia

Жалпы бұл арналар тәулігіне 12 миллион текше метрге дейін су өткізе алады. Олардың әрқайсысында Су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесінің мамандары тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. 

Мысалы, Соколок каналының бойында ұзындығы 14,5 шақырым қосымша арна қазылды, ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберіледі.



"Сонымен қатар біз Жайық өзені арқылы суды лимандарға бағыттаймыз. Ал Ойыл өзенінен су лимандардан бөлек, жерасты суларының орындарын толтыру үшін де жіберіледі. Осыған дейін біз Балқаш көліне су жіберіп, оның деңгейін 15 см-ге көтердік, БҚО Қамыс-Самар көлдеріне, Ұлытаудан Қызылорда облысының көлдеріне су жібердік, Ақмола облысының көлдерін толтырдық. Біздің алдымыздағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі – көлдерді тасқын сумен толтыру", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының жедел штабы кейінгі тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі 5-тен 25 см-ге дейін көтерілгенін мәлімдеді. 

Талқылау