Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр
Атырау облысының жедел штабы соңғы тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі 5-тен 25 см-ге дейін көтерілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Атырау облысының жедел штабы
Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы аумағынан ағып жатқан судың салдарынан су деңгейі өзгерді.
Жайық өлшеуіш станциясы – Индербор ауылында деңгей 718 см, көтерілу 25 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 495 см.
Махамбет кентіндегі бақылау-өлшеу бекетінде деңгей 779 см, су деңгейінің тәуліктік көтерілуі 15 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 462 см.
Атырау қаласы бойынша Жайық өзенінің деңгейі 451 см, су деңгейінің бір тәулікте көтерілуі 5 см, тасқын басынан бері жалпы көтерілу 260 см.
Жедел штаб су деңгейінің одан әрі көтерілетінін жазды.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"