Ақтаудағы перинаталды орталық марқұм болған әйелдің қызына ай сайын ақша төлейді
Ақтаудың №2 соты тұрғынның азаматтық шағымын қанағаттандырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

Арыз берген бойжеткеннің анасы 2014 жылы Ақтаудың перзентханасында көз жұмған. Бұл жағдайға оның қызы медициналық орталықтың мамандарын кінәлаған. Сот оның шағымын негізі бар деп тапты. Сондықтан перинаталды орталық қызға айына 63 421 теңге көлемінде зардап шығынын төлеп тұрады. Төлемақы 2022 жылдың шілде айныа дейін қыздың ЖОО-ны бітіргенге шейін тағайындалады.
Соттың баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше, материалдық шығын жәбір көрген тараптың балаларына олардың кәмелеттік жасқа толғанға дейін, ал 18 -ден асқандарға оқуларын бітіргенге дейін төленеді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"