Ақтауда үстіне лифт құлаған қызметкердің өлімі: Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы тергеу жүргізбейтінін мәлімдеді
Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы супермаркет қызметкерінің өліміне әкелген лифт құлаған жағдайды тексермейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mangystau Media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары қаза тапқан ер адам қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс істегенін айтты. Осы себепті инспекцияға тергеу жүргізуге заңнамалық мүмкіндік жоқ.
“Еңбек заңнамасына сәйкес жергілікті орган инспекция тек қызметкер мен жұмыс берушіге қатысты еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғаусыз қалған кезде тергеу жүргізе алады. Өкініштісі, ол жалдамалы қызметкер болғандықтан, істі облыстың еңбек инспекциясы қарамайды”, – деді Маңғыстау облысының мемлекеттік инспекторы Мұхтар Сансызбаев.
Еске сала кетейік, 24 қазанда сағат 01:10-да №3 шағын ауданда 34 жастағы ер адамға лифт құлап, соның салдарынан көз жұмды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн