Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аз айлық үшін өмірімізді қатерге тігеміз: Елордалық өрт сөндірушілердің жанайқайы (видео)

Нұр-Сұлтандық өрт сөндіруші ТЖ кезінде әріптестері төмен жалақы үшін өмірін қауіп-қатергі қоятынын айтып салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

астана

"Британдық квартал" тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде  жұмыс істеген Нұр-сұлтан өрт сөндірушісі ТЖ орнында басқа өрт сөндірушілермен бірге жанып кетудің аз-ақ алдында қалғанын айтады.

Өрт сөндіруші бұл туралы желіде бөліскен.

"Бүгін Сарқырама-4 мекен-жайында өте күрделі өрт болды. Өрт шатырды, пәтерді, мансарды шарпыған. Өрт сөндірушілермен жоғарыға көтеріліп, су бере бастадық, алайда су тез бітіп қалды. Сумен қамтамасыз ету жұмыстары тоқтатылды. Тіпті, оқиға орнында жанып кете жаздадық. Гидранттарда қысым болған жоқ, сондықтан су болмады. Жұрт өрт сөндірушілер келіп, екі минут өртті сөндіріп, суы бітіп қалды демесін деп ойладық", - деп ағынан жарылды өрт сөндіруші.

Сондай-ақ, бейнероликтің авторы астаналық өрт сөндірушілердің еңбекақысының төмендігіне шағымданды.

"Біз өмір мен өлімнің шекарасында тұрғандай күй кештік. Білсеңіздер, өрт сөндіруші жігіттер айына 80 мың теңгеден алады, біреуі 90 мың теңге алады, тәжірибесі бар біреу 110 мың теңге алады (шамамен, 200-ден 280 долларға дейін -ред.). Олар өрт кезінде өздерін, өмірін ұмытып, бөгде адамның игілігі үшін жан алысып, жан беріседі. Өрт сөндірушілердің де жағдайын жақсартуға болады ғой", - деп атап өтті өрт сөндіруші.

Бұған дейін ТЖД баспасөз қызметінде аталған тұрғын үй кешеніндегі өртті сөндіру шаралары шатырдың күрделі құрлымы, ағаштан жасалған конструкциялары әсерінен, сондай-ақ, жанғыш материалдардың және күшті желдің салдарынан ұзаққа созылғанын атап өткен еді.

Сонымен қатар, суды үздіксіз беру өрт гидранттарытна автоцистерналар орнату арқылы және коммуналдық қызметтердің су тасығыштарымен өрт сөндіру құралдарын жеткізу жолымен қамтамасыз етілгендігі хабарланған.

Төтенше жағдайлар департаменті астаналық өрт сөндірушілердің еңбекақысы туралы мәліметтерді кейінірек айтуға уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, 9-шілде күні астанамыздағы жоғары элиталық тұрғын үй комплексінің шатырында өрт шыққан еді.

Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

«Аралтұз» АҚ тұз құрамында әйнек жүр деген ақпаратқа жауап берді

Желіде тұз құрамында әйнек бары айтылған аудио-видео тарады

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Жанар Хамитованың өлімінен кейін есеңгіреп қалған ақын қыз арнауын жазды

Берлібаева Азиза: "Біреу келіп түсімнен оятып жіберсе екен"
Çàãðóçêà...