AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақша да жоқ, көлік те жоқ: Нұр-Сұлтанда 400-ге жуық адам алаяқтардан зардап шекті

Нұр-Сұлтанда алаяқтық күдігіне іліккен компания клиенттерге автокөліктерді арзан бағада сатуға уәде еткен, алайда нәтижесінде тұрғындар құр алақан қалып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

нур султан мошенн

Астаналық тұрғындар қазіргі уақытта полиция жұмысының нәтижесін күтуде. Олардың барлығы көлік сатып алуды жоспарлаған компанияға өтініш білдірген. Компания ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істей бастаған, ал клиенттерді нарықтық бағадан шамамен бір жарым миллион теңгеге арзан бағалар қызықтырған. Сатушылар қолайлы бағаны борышкерлерден ұсталған автокөліктерді аукционда сатып алып, шағын үстеме қойып сатумен түсіндірген. Сатып алушылардың жеткілікті болып көрінгеніне қарамастан, кенеттен компания жабылып қалады. Ал оның соңында 400-ден астам жапа шеккен азаматтар қалып қойған.

"Біз Nur Auto.kz-пен автокөлік сатып алу туралы келісім жасадық. Ақшаның сомасын толығымен төледік. Келісім бойынша 45 күнтізбелік күн ішінде олар бізге автокөлікті беруге тиіс болатын. Бірақ ешқандай жұмыс жасалмады", – дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Гүлсана Жуаншпаева.



Көптеген адамдар фирманың жабылып қалғанын бірнеше аптадан кейін ғана білген. Жуаншпаевтар отбасы компанияға 3 миллион 600 теңге, ал кейбіреулері 50 миллионға дейін аударған. Компания борышкерлер тізілімінде тұрмаған, желіде теріс пікірлер де жазылмаған, ал жарнамасын танымал блогерлер жасаған.

Заңгерлер сонымен қатар қарапайым азаматтардың сенімді компанияларды жалғандарынан ажыра алмайтынын растайды. Барлығы бірдей алдай беруі де мүмкін емес. Негізгі критерий күмәнді өте жеңіл қолайлы шарттар болуы мүмкін.

"Жоғары пайыздық мөлшерлеме, жоғары пайда немесе өнімді айтарлықтай төмен бағамен сату туралы уәделер алаңдаушылық туғызуы керек. Себебі нарық ол нарық, ол қалыпты және баға өте қатты өзгермеуі қажет. Қалай төмендесе солай жоғарылауы тиіс", – деп түсіндірді заңгер Төлеген Болтанов.

Сондай-ақ сарапшылар компаниядан өз міндеттемелерін қалай орындайтынын туралы кепілдік талап етуді ұсынады. Мысалы, тауар жеткізуге келісімшарттар бар ма дегендей. Ал ірі мәміле жасамас бұрын, адвокатқа хабарласқан жөн. Сарапшылар мұндай сатып алуларға өте мұқият болуға кеңес береді, себебі, өкінішке қарай, жәбірленушілер көп жағдайда ақшаларын қайтарып ала алмайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр