Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аялдамадағы халық нөпірі: Нұр-Сұлтанда қар жауып, автобустар кешігіп жатыр

Нұр-Сұлтанда қар жауып, автобустар кешігіп жатыр. Қоғамдық көлікті аялдамада күтіп қалған адамдар қарасы көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

CTS атты көлік компаниясы қар мен көктайғаққа байланысты қоғамдық көліктің кешігетінін ескертті.

"Ауа райының нашарлауына байланысты көлік ағындары мен қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығы төмендеді, автобус маршруттары кідіруде", – деп атап өтті CTS баспасөз қызметі.

Көлік компаниясы қоғамдық көлік жолағы жоқ учаскелерде автобустардың кешігуі қатты байқалуда екенін де айтты. Көктайғаққа байланысты жолдарда, соның ішінде автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті.

“Көлік компаниясы жол қозғалысына қатысушылардың бәріне мұқият болуда, сапарды алдын ала жоспарлауға шақыруда”, – делінген хабарламада.


Аяз болады: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды 


Сондай-ақ жүргізушілерді жолда барынша абай болуға, тиісті қашықтықты сақтауға, жылдамдықты таңдауға, қатты тоқтаудан аулақ болуға шақырды.

Нұр-Сұлтан тұрғындары такси сервистері жолдардағы жағдайды пайдаланып бағаны көтеріп жібергенін айтады.

Талқылау