Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау балалар ауруханасында сорпадан құрт шыққан: Жауапты мекеме мұны бәсекелестерінің аяқтан шалуы дейді

Ақтау қалалық балалар ауруханасы сорпада жүрген құрт түсірілген бейнежазбаны бәсекелестердің әдейі жасағаны деп атады. Емдеу мекемесіне азық-түлік жеткізуге жауапты компания басшылығы бұл әрекетті алдағы тендерге дейін кәсіпорынның беделін түсіру үшін жасалған әрекет екеніне сенімді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Жақын күндері сорпаның ішінде жүзіп жүрген кұрттардың видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Компания бұл жазбаны балалар ауруханасында түсірілгенін растап, бірақ бұның шілде айында болған оқиға екенін алға тартады. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, ол уақытта тез арада ата-аналардан кешірім сұрап, бұл оқиғаны көпшілікке жария етпеуге келісімге келген. Аспазды жұмыстан шығарған. Алайда арада екі ай өткен соң бұл жазба қайтадан көпшілік арасында пайда болды. Компания бұл кәсіпорынның келесі тендерде (ол қарашада өтуі тиіс) жеңіске жетуіне жол бермеу үшін қасақана ұйымдастырылған әрекет екеніне сенімді.



Арнайы комиссия балалар ауруханасындағы тағамның сапасына тексеру жүргізді.

"Біз баланың анасынан кешірім сұрадық, ол өз кезегінде түсіністік танытып үйге алынған ұнның ішінен де құрттардың шығып қалатын кездері болатынын айтты. Ол жағдайды дұрыс таразылап, бізді кешірді. Бұл әлі де біздің бәсекелестердің ойлап тапқан айла-шарғысы шығар, менің ойымша, бұл бұрын да болған, қазір де болып жатыр және бола береді де", – дейді фирма өкілі Алия Боқаева.

Талқылау