AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда жауынның кесірінен бірден тоғыз сынып қашықтан оқуға көшті

Қарағанды мектебінде бірден тоғыз сынып қашықтан оқуға ауыстырылды. Оқушылар оқитын қабатты жауынның суы мен қар басып қалған. Төменгі қабаттардағы барлық басқа кабинеттер бос емес. Наурызда шатырын қатты жел жұлып жөндеу жұмыстарын жүргізу әлі де мүмкін болмай келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.

“Біздің сынып бітіруші сынып болғандықтан, оқуға міндетті едік. Ешқандай қашықтан оқу керек емес, біз онсыз да бір жарым жыл үйде отырдық. Яғни қазір балалар ешқандай білім алмайды, бұл "Білім ал" сабақтарында мұғалімдер балалармен айналыспайды. Басшылық көтерілсін, сол жерде отырсын, неге біздің балаларымыз қиналуы керек?” – дейді ата-ана Виктория Рымарева.

Дені сау балалар үйден оқуға жіберілгенде, ата-аналар мектеп әкімшілігіне наразылығын білдірді. Ересектер шатырсыз ғимаратта оқу жылын бастауға қалай рұқсат етілді деп сан соғуда. 

Мұғалімдер түсіністікпен қарауды сұрайды. Олар дәліздерді су баспауы үшін, тіпті қосымша шелектер сатып алып қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр екен.


Қазақстанда биыл жаңа жылдық кештерге рұқсат беріле ме: Цой жауап берді 


Мұғалімдердің айтуынша, жаздың басында жөндеу жұмыстарына байқауды жауапкершілігі жоқ мердігер жеңіп алды, одан тек сот арқылы ғана құтылу мүмкін болған. Жаңа мердігерді табу қиынға соққан. Оған қоса құрылыс материалдары бағасының күрт өсіп кеткен.

Жаңа компания жеті күн ішінде шатырды жөндеуге уәде берді.

“Бұл жұмыс түрі, құрылысшылар түсіндіргендей, тиімсіз. Мемлекеттік сатып алу бойынша тиімсіз. Себебі байқауға қатысатын адамдар бағаны төмендетеді, тиісінше, сол аз баға үшін олар жөндеу жұмыстарын жасағысы келмейді. Содан кейін, екі байқау өткеннен соң үшінші рет қызмет көрсету сомасын өсірдік. Бізде материалдар бар, бригада бар, тек жаңбырдың кесіренен жұмыс істей алмай отырмыз”, – дейді Қарағанды қаласының №30 мектебінің директоры Татьяна Балғабекова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр