Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алаяқтар банк арқылы өзгелердің атынан 10 млн теңгеге несие рәсімдеген

Алматыда алаяқтар өзгелердiң суретін, бейнефрагментiн қолданып, банк сайтында онлайн несие алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Банктердiн бiрiне 10 млн теңгеден астам шығын келтiрiлдi.

Күдiктiлер 24 пен 36 жастағы, бұрын сотталмаған азаматтар болып шықты. Олар ұзақ уақыт бойы тұтынушылық несиелердi рәсімдеп келген.

"Алғашқы тергеу әрекеттерi барысында анықталғандай, күдіктілер арыз-шағымда көрсетілген адамдарға айтпастан және келісімінсіз жеке деректерiн, сондай-ақ олардың суреттерiн немесе бейнефрагментiн қолдана отырып, банктiң сайтында онлайн несие алуға өтінімдерді толтырған. Несиелік өтінімдер мақұлданған соң және клиенттердің шоттарына қаражат түскеннен кейін қаражатты интернет-банкинг арқылы басқа банктердiң шоттарынан шығарған. Осылайша, банктердiң бiрiне жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам материалдық залал келтірілді", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Даурен Өтебаев.

Полицейлер жүргізген арнайы шара барысында алаяқтар анықталып, ұсталды. Тергеу аяқталғанша, екеуi де уақытша қамауда.

Талқылау