Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналисті зорлады деп айыпталуда

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың басы тағы да дауға қалды. Бұл жолы зорлау ісі бойынша азаматтық сот отырысы өтпек деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экс-президенттің айыпталғаны жөнінде ВВС жазды. Дерекке сүйенсек, америкалық журналист Э. Джин Кэрролл дүкеннің киім ауыстыратын бөлмесінде өзін Трамптың зорлағанын айтып сотқа шағымданған. Бір ерекшелігі бұл оқиға осыдан 30 жыл бұрын болған екен. Сол себепті де жағдайдың бұрын болуынан іс қылмыстық емес, азаматтық сотта қаралмақ. 

Журналист сөзінше оқиға шамамен 1995 жылдың аяғында немесе 1996 жылдың басында болған. Манхэттендегі Bergdorf Goodman дүкенінде ол болашақ Президентті кездейсоқ кездестіреді. Кейін Трамп сыйлыққа әйелдер іш киімін алу керек деп журналистті дүкен аралауға шақырған. Тіпті экс-президент журналистке сол іш-киімдерді киіп көруін өтінеді. Ақыр соңында бұл жағдай Трамптың Кэроллды қабырғаға тақап, күшпен зорлауымен аяқталады.

Дей тұрғанымен Дональд Трамп 30 жыл бұрын болған істің шындыққа мүлдем жанаспайтынын айтып, кінәсін мойындаудан бас тартуда. Журналисті "есі ауысқан", "психикалық ауруы бар" дегенге кілтіріп әлек. 

Азаматтық сот отырысы осы аптада өтеді. Егер экс-президент ісі дәлелденсе ол сотталмайды, тек айыппұлмен құтылады. Өйткені істің болғанына ұзақ жыл болған. Бірақ саяси өміріне нұқсан келтіруі әбден мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін Трампқа бизнес саласындағы алаяқтығы үшін 30-дан аса айып тағылғанын жазған едік. 

Талқылау