Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп АҚШ тарихында екі рет импичмент жарияланған алғашқы президент болды

АҚШ өкілдер палатасы дауыс беру қорытындысы бойынша президент Дональд Трампқа импичмент жариялауды қолдады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Трамп импичментінің үдерісі басталғаны хабарланды.

Импичмент жалғыз бап бойынша жарияланды - бүлікке итермелеу. Резолюцияда Трамптың әрекеттері президентке импичмент жариялануы мүмкін "ауыр қылмыстар мен заңсыздықтар" конституциялық тұжырымына сәйкес келеді делінген.

Трамп АҚШ тарихындағы импичмент екі рет жарияланған жалғыз президент атанды.

Конгресстің дауыс беруіне сәйкес, импичмент туралы талапты 222 демократ қолдады. Республикашылардың 197-і қарсы дауыс берді, бірақ партияның 10 мүшесі саяси қарсыластарының қазіргі президенттің отставкаға кету туралы талабын қолдады.

Трампты биліктен мерзімінен бұрын кетіру үшін оны сенаттағы процестің қорытындылары бойынша соттау қажет, дегенмен республикашылдар әзірге сенатты биылғы 20 қаңтарда өтетін Джо Байденнің инаугурациясына дейін демалыстан шақыруға келіскен жоқ.

Айта кетерлігі, Трампты қызметінен кеткеннен кейін оны кері қайтару арқылы импичмент жариялауға бола ма, жоқ па, әзірге белгісіз - бұл тәжірибе Конгресс тарихында бұрын-соңды болмаған.



Кейінірек сенат 20 қаңтарда президенттік мерзімі аяқталғанға дейін Трампқа импичмент жариялау туралы үкім шығармайтыны белгілі болды.

"Сенат процесі осы аптада басталып, тез қозғалған күннің өзінде де, президент Трамп қызметінен кетер алдында түпкілікті үкім болмас еді. Бұл мен қабылдаған шешім емес, бұл факт", - деді сенаттағы республикашылдардың көшбасшысы Митч Макконнелл.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Трамптың өкілетінің қалған жеті күнінде "әділ және байыпты" сот ісін жүргізу мүмкіндігі жоқ.

Еске салайық, 6 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдің жанында өткен митингіде жақтастарын Капитолийге барып, "әлсіз республикашыларға көмектесу үшін" Конгрессте бекітілген сайлау нәтижелеріне қарсы шығуға шақырды. Трамптың жақтастарының көпшілігі АҚШ Капитолийін қоршауға алып, ғимаратқа кіріп, президенттік сайлауда Джо Байден жеңіске жеткенін мәлімдеген конгресстің бірлескен сессиясын тоқтатты. Салдарынан бес адам мерт болды.

Конгресстегі демократтар вице-президент Майк Пенсті Конституцияға президенттің өз міндеттерін орындай алмауы туралы 25-ші түзетуге сәйкес Трампты қызметінен босатуға шақырды. Пенс бас тартты.

Талқылау