Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде ағаш кесу цехының аумағында үлкен өрт шықты

Семей өрт ағаш
Фото: Видеодан скрин

Семейдегі Глинки көшесінде өрт шықты. Ағаш кесу цехының аумағында ағаш материалдары өртке оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт орнында өрт сөндіру штабы мен үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылып, су жеткізілді. 

Өрт сөндірушілер мен құралдар жоғары деңгейдегі шақырту бойынша жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Өртті сөндіруге 50-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. Жалын 400 шаршы метр аумақта жиналған ағаш материалдарын шарпыған.

“Жалпы салмағы 300 тонна болатын күнбағыс қабығы да өртенген”, – деп нақтылады Семей қаласы ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Самат Еңкебаев.

Ведомство өкілі жақын маңдағы қоймалар мен тұрғын үйлерге еш қауіп жоғын атап өтті.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 04 Қазан, 2026 08:37