Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент импичментінің америкалық тәжірибесі: АҚШ-тың импичмент жарияланған президенттері кімдер

АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялануы бүкіл әлемнің назарын аударды. Біреулер оның жауапкершілікке тартылатын бірінші президент емес екендігін айтса, екіншілері алдағы уақытта не боларын тағатсыздана күтіп отыр. Еске сала кетейік, оның жағдайы келер жылдың қаңтарында Сенат отырысында шешіледі. Дегенмен бұған дейін импичмент жарияланған алдыңғы екі президент те қызметінен босатылмағанын айта кету керек. Ал тағы біреуі заң бұзушы атанбай тұрып, өз еркімен жұмысынан кеткен.  Айтылған президенттердің кімдер екендігін туралы Stan.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар. 
Президент импичментінің америкалық тәжірибесі. Қазақстан президенті қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады?

АҚШ-тың үш президенті – Эндрю Джонсон, Билл Клинтон мен Дональд Трамп Конгресс тарапынан ресми түрде импичментке ұшырады. Бұларға қоса Палата өкілдері Ричард Никсонға импичмент жариялау үшін Сенатқа сұранымды түсірген. Құрама Штаттар тарихында басқа да президенттер қарсылас партиялардың тарапынан айыптауларға ілінген. Алайда олардың шағымдары Конгресстен қолдау таппады. 

АҚШ тарихында импичментке іліккен бірнеше президент бар. 

Эндрю Джонсон АҚШ-та ең алғашқы импичмент жарияланған президент атанды

Президент импичментінің америкалық тәжірибесі. Қазақстан президенті қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады?

1864 жылы Джонсон Авраам Линкольннің вице-президенті ретінде сайланды. Бұл уақытта билік пен радикалды республика партия өкілдерінің арасындағы қарым-қатынас ушығып тұрған еді. Линкольн тірі кезінде Азамат соғысы аяқталғаннан кейін қарсылас партия мүшелерімен бітімге келмекші болыпты, ал Джонсон өз кезегінде бұл жағдайға үзілді-кесілді қарсы көзқарасын білдірді.

Линкольн көз жұмғаннан кейін оның орнына тағайындалған Джонсон Конгрессте радикалды республикашылдардың жақтастарының барлығын жұмыстан шеттете бастады. Алайда оның саяси қарсыластары оған қарсы 11 бап бойынша импичмент жариялап үлгерді. 

Эндрю Джонсонды жауапкершілікке тартуды 173 Палата өкілдерінің 126-сы қолдаған. Бірақ ол Сенатта ақталып шықты. Экс-президент сайланған уақытының соңына дейін қызметін жалғастырып, артынша Сенатқа сайланды. 

Билл Клинтон 1998 жылы жауапкершілікке тартылды

Президент импичментінің америкалық тәжірибесі. Қазақстан президенті қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады?

Клинтон Ақ үйге президент болып кіргелі заңгерлердің назарынан түспеген көрінеді. 1993 жылы Клинтондар АҚШ-тың әділет министрлігі тарапынан тергеу амалдарына ұшырайды. Ал 1994 жылы мемлекет басшысының жары Хиллари Клинтон Пола Джонс тарапынан зорлық әрекеттерін көрдім деп, оған қарсы сотқа шағымданады.

Аталмыш екі істі зерттей келе, тергеу амалдарымен айналысқан әділет министрі Кеннет Старр тағы бір жағдайдың бетін ашты. Бұл жолы тергеуші президент Клинтон мен Ақ үйдегі 21 жастағы тәжірибеші Моника Левинскидің арасында болған байланысты анықтаған. Алайда алқа отырысында Клинтон да, Левински де ант бере тұра, араларында ештеңе болмағаны туралы мәлімдеген. 

Десек те, артынша Левинскидің телефон арқылы сөйлескен жазбалары табылған. Онда 21 жастағы бойжеткен президентпен жақын қарым-қатынасы туралы айтыпты.

Левинскидің сөзі кеңінен тарала бастаған кезде Билл Клинтонның халық алдына шығып, үндеу жариялауына тура келді.

«Мені тыңдаңыздар, Левински екеуміздің арамызда ешқандай байланыс жоқ. Бұл сөздерім рас», - деп мәлімдеді экс-президент. 

Ақырында 1996 жылдың 19 желтоқсанында Палата өкілдері Клинтонға жалған түсінік бергені және тергеу барысына кедергі келтіргені үшін айыптап, оған импичмент жариялады. Алайда бұл жолы да заңбұзушылыққа жол берген президент бес аптаға созылған Сенат кеңесінен кейін сытылып шықты. 

Осылайша АҚШ тарихында Билл Клинтон импичментке ілінген екінші президент атанды. 

1974 жылы Ричард Никсон отставкаға кетті 

Президент импичментінің америкалық тәжірибесі. Қазақстан президенті қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады?

Жоғарыда сөз болған екі президенттің атағы бүкіл әлемге танылған «Уотергейт оқиғасынан» аса алмайтын сыңайлы. АҚШ тарихында ең ірі саяси дауға іліккен Ричард Никсонға қарсы импичмент жарияланып үлгермеді. Президент Палата өкілдерінің алдын орап, импичментке өтініш түсірілмей тұрып, қызмет бабынан өз еркімен кеткен. Никсон өзі кетпеген жағдайда, сірә, импичмент нәтижесінде лауазымынан айырылған бірінші президент болар еді. 

1974 жылы Палата өкілдері Никсонға қарсы тағайындалған бес баптың біреуін қолдады. Экс-президент өзін Уотергейт оқиғасынан арашалау үшін тергеу амалдарына кедергі келтірген деп айыпталды. Бірақ бұл кездің өзінде де конгресстегілер қажет дауыс жиналатындығына күмәнданыпты. 

Тек сол жылдың 5 тамызында Жоғарғы сот Никсонның ақша ұсынып жатқан аудиожазбасын жариялады. Бұл жолы сенаторлардың қажетті дауыс санын қамтамасыз ететіндігі айдан анық болды. Ел алдында абыройы айрандай төгілуден және импичмент нәтижесінде жұмыстан қуылған алғашқы президент атанудан корыққан Никсон 1974 жылдың 8 тамызында өз еркімен отставкаға кетеді. 

Ел басқаруды өз қолына алған Джеральд Форд бірнеше жылдан кейін Никсонды ақтауды жөн көреді. 

Дональд Трамп – импичмент жарияланған үшінші президент 

Президент импичментінің америкалық тәжірибесі. Қазақстан президенті қандай жағдайда жауапкершілікке тартылады?

2019 жылдың 24 қыркүйегінде Палата өкілдерінің спикері Нэнси Пелоси Трампқа қарсы ресми импичмент бойынша тексеріс басталғандығын мәлімдеген болатын. АҚШ басшысының Украина президентіне қысым көрсетіп, оны өзінің қарсыласы әрі АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті болған Джо Байденге қарсы куә болуға көндірмекші болғаны алға тартылды. 

Бұл айыптауларға Трамп пен Зеленскийдің шілде айында телефон арқылы әңгімелесуі арқау болды. АҚШ президенті Конституцияны бұзды деп айыпталды. 

Қарсыластары Дональд Трампты сайлауда жеңіске жеткеннен кейін бірнеше рет импичментке ұшыратпақшы болған. Алайда тек 2019 жылдың 18 желтоқсан күні аталған жәйт жүзеге асты. Трамп лауазымын асыра қолданды және Конгресске бөгет болды деп айыпталып отыр. Бұл істің ең соңғы нүктесін Сенат 2020 жылдың қаңтарында қояды. 

АҚШ-тың ел басқару тарихында импичментке тап болған президенттердің тізімі мұнымен бітпейді. Джон Тайлер, Герберт Гувер, Рональд Рейган, Джордж Буш, Барак Обама мен мемлекеттің негізін қалаушы Джордж Вашингтонға да импичмент жариялана жаздапты. Алайда оларға тағылған айыптар Палата өкілдері тарапынан қолдау таппаған. 

Айта кетерлік жайт, Трамптың қылмысы шынымен расталатын болса, бір жылдан кейінгі президент сайлауында ол орнынан айырылып қана қоймай, республика партиясының беделі түседі деген сөз. Ал Сенаттың көпшілігі республикашылдардан құралғандығын ескерсек, бұл жағдайдың орындалуы екіталай. Ал егер керісінше, президент қаңтарда ақталып, демократтардың лас әрекеті әшкере болса, аталған жайттан кейін Трамп пен республика партиясының дәурені орнайтындығы сөзсіз. 

Естеріңізге салайық, импичмент мәселесі Қазақстанда да қарастырылған. Дегенмен еліміздегі президенттің лауазымынан айырылуы мүлдем басқа көрінеді. 

 

 

Дайындаған Дидар Халық

Талқылау