Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вашингтонда Трамптың жақтастары наразылық көрсетті: Байден ренішін білдірді

Дональд Трамптың жақтастары АҚШ Конгресі президент сайлауының нәтижелерін растап бір күн бұрын жаппай наразылық акцияларын өткізді. Джозеф Байден Вашингтондағы оқиғаларды жай наразылық емес, бүлік деп атады.

Сайланған президент Трамптан конгресс ғимаратын басып алған өз жақтастарының әрекетін тез арада айыптауды талап етіп отыр.  Байден халыққа үндеу жолдады.

Ол Вашингтонда болып жатқан оқиғаны бүлік деп атап, тәртіпсіздіктерді тоқтатуға шақырды, деп жазады РБК.

«Сайланған үкіметтің қауіпсіздігіне төнетін қауіп - бұл наразылық емес. Бұл бүлік. Әлем не болып жатқанын бақылап отыр. Басқа америкалықтар сияқты мені де ұзақ уақыт жарық пен демократияға үміт артқан ұлтымыздың осындай күңгірт сәтке келгені қатты таңғалдырды және қынжылтты», - деді сайланған президент.

Байден Дональд Трамптан оның жақтастарының әрекетін дереу айыптауды талап етті. Еске салайық, АҚШ Конгресі президент сайлауының нәтижесін растағаннан бір күн бұрын Вашингтонда наразылық акциялары өтті. 

Талқылау